2021 жылы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру Ресурстық орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры З.А. Мовкебаева Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы оқытушылар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде онлайн-отырысқа қатысты. Қоғамдық кеңестің негізгі ұйымы - М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті.